Сәуір-мамыр айларына арналған байқаулар

“Мұнара” интеллектуалды порталы шығармашылық бағытта көптеген байқаулар ұйымдастыруы арқылы Республиканың мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына өздерінің кәсіби және шығармашылық потенциалдарын танытып, қабілет-қарымын одан ары ұштай түсуге ықпал етіп келеді.

Ел дамуының басты қозғаушы күші болуы үшін еліміздің жас буын өкілдерінің және олардың интеллектуалды және тәрбиелік тұрғыда дамуы жолында жетекшілік көрсетіп, бағыт-бағдар болып жүрген ұстаздар қауымының дамуына үлес қосу “Мұнара” интеллектуалды порталының басты мақсаты.

Құрметті педагог!

 «Мұнара» республикалық интеллектуалды білім порталы 2019-2020 оқу жылының сәуір-мамыр айларында қашықтан өткізілетін сайыстарға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен ұстаздарын оқу жылының мерзімінде өткізетін конкурстарға қатысуға шақырады.

Оқушыларға арналған байқаулар тізімі

  • Бірлігі жарасқан берекелі елміз (Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл)
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!
  • Ұлы Жеңіс күні – мәңгілік ел жадында (Жеңіске 75 жыл)
  • Қасиетті Рамазан – татулық пен береке айы!
  • Қылқалам шебері (суреттер сайысы)
  • Ұлы Абайдың 175 жылдығы (Абай оқулары, мәнерлеп оқу)
  • Оқушының ғылыми жұмысы (еркін тақырып)
  • Өнерлі өрге жүзер (ән, би, қолөнер туындылары)

Мұғалімдерге арналған байқаулар тізімі

  • Үздік сабақ жоспары
  • Үздік ашық сабақ
  • Үздік сыныптан тыс іс-шара
  • Үздік сабақ презентациясы
  • Үздік мұғалім портфолиосы
  • Ұстаз өнері 

Байқау шарттары

Байқауға қатысу конкурсанттың  bilim@munara.kz  поштасына жарнапұл түбіртегін, өз жұмысын және қатысушы сұранысын толтырып жіберуі арқылы жүзеге асады. Конкурстық жұмыстар тақырыпқа сай сурет, өлең, шығарма, эссе, қолөнер туындысы, ғылыми жұмыс, тест, кроссворд түрінде қабылданады. Конкурс жұмыстары өзге ақпарат көздерінен, өзге автордан алынбаған болуы тиіс. Плагиат жұмыстар конкурстан шеттетілетінін қатаң ескертеміз!

Ескерту!

Сұраныс тек Word форматында ғана қабылданады. Түбіртек (квитанция) жоқ жұмыстар мүлдем қабылданбайды. Сұраныс қағазы үлгіде көрсетілгендей толтырылуы қажет. jpg,jpeg форматындағы сұраныс қағазы қабылданбайды. Төлем түбіртегінен өзге (төлем терминалы экранының бейнесі, төлем транзакциясы аяқталмаған сәттегі экран скриншоты) төлем дәлелдемелері қабылданбайды.

Қатысушы сұранысын жүктеп алу:

http://munara.kz/munara-suranys.docx

Байқау уақыты

Қабылдау: 8.05.2020 сағат 19:00 ге дейін
Нәтиже: 14.05.2020

Байқауға қатысу жарна құны оқушылар үшін 450 теңге, педагогтар үшін 1250 тг.

Марапаттау

Барлық конкурсанттар қатысушы сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен марапатталады. Сонымен қатар барлық оқушылардың жетекшілері мен ата – аналарына алғыс хаттар табысталады. Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Біздің реквизиттер

Kaspi GOLD картасы (ЖСН: 620829401338, Карта номері: 5169 4931 8191 6217)

Qiwi кошелек шотын толтыру (кошелек номері: 8 776 776 44 22)

Beeline мобильдік операторының теңгеріміне бірлік салу (номер: 8 776 776 44 22)

Жұмыс уақыты: 10:00 – 19:00.  Демалыс күндер: сенбі, жексенбі.
Байланыс телефоны: 8 776 776 44 22
Email адрес: bilim@munara.kz